Жолаушылар талаптары бойынша анықтама беру тәртібі

26 Мамыр 2020

Авиакомпания келесі деректерді ұсынады:

  • Жолаушы жасаған нақты ұшу жөніндегі ақпаратты растайтын құжаттар (ұшу фактісі, ұшу құны, қызмет көрсетудің экономикалық класының базалық тарифінің құны, нормативтен тыс багажды және т. б. тасымалдау құны) тек қана ұшып келген адамға немесе ұшып келген кәмелетке толмаған баласы ұшып келген адамға (бұл жағдайда өтінішке баланың туу туралы куәлігі/паспорты қоса берілуі тиіс) немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатпен расталған өкілеттіктері болған;
  • Ақпараттық сипаттағы құжаттар (орындардың болуын растау, кешіктіру туралы ақпарат және т.б.) кез келген тұлғаға берілуі мүмкін.

Авиакомпания келесі деректерді ұсынбайды:

  • Басқа авиакомпания жүзеге асырған тасымалдау құны туралы;
  • Сатып алынған билетте көрсетілмеген пункттер арасындағы тасымалдау құны туралы;
  • Рейстің кешігу себептерінің егжей-тегжейі туралы;
  • Үшінші тұлғаларға қатысты дербес деректердің сұрау салулары бөгде адамға, оның ішінде күйеуіне, әйеліне, өзге туысына немесе бөгде ұйымға берілмейді.