11 мамырдан бастап Қазақстанда ұшу кезінде COVID-19-да ПТР-талдаудан міндетті түрде өту туралы талап алынып тасталды. Бұл ретте инфекцияның таралуына қарсы басқа да қауіпсіздік шаралары сақталады: тіркеу кезінде қашықтықты сақтау; ұшу кезінде маскалар мен қолғаптарды сақтау; санитарлық тораптарда жиналуды шектеу; ұшу кезінде анкетаны толтыру. Сондай-ақ әрбір жолаушыны қарау мақсатында ұшу басталғанға дейін екі сағат бұрын рейске келу міндетті.