Жануарларды тасымалдау
Жануарлар әуе кемесінің багаж бөлімшесінде тіркелген багаж ретінде ғана авиакомпанияның алдын ала келісімімен тасымалдауға қабылданады. Соқыр/саңырау жолаушыларды алып жүретін жетек иттерді қоспағанда, жануарлар мен құстарды әуе кемелерінің жолаушылар салондарында тасымалдауға жол берілмейді.
Жолаушы авиакомпанияны немесе оның уәкілетті агентін тасымалдауды брондауды ресімдеу немесе оның жолаушы билетін сатып алуы кезінде жануарларды (құстарды) тасымалдау туралы хабардар етуге міндетті. Әуе көлігімен тасымалдау кезінде жануарлармен (құстармен) жүретін жолаушының жолаушы билетін тіркеу кезінде қолданыстағы құжаттары (құзыретті мемлекеттік мекеме берген сертификаты және аумағы арқылы тасымалдау жүзеге асырылатын аумаққа, аумақтан елдің ветеринариялық органдары талап ететін басқа да құжаттары) болуы және ұсынуы тиіс.
Жануарды тасымалдау үшін жолаушы жеткілікті мөлшердегі ауа кіруімен контейнерді/торды қамтамасыз етуге міндетті. Контейнердің (тордың) түбі су өткізбейтін және сіңіргіш материалмен жабылған болуы тиіс. Жануарлар мен құстарды тығыз жабылатын себеттерде, ауаның кіруіне арналған тесігі бар қораптарда тасымалдауға жол беріледі.
Құстардың торлары тығыз жарық өткізбейтін матамен жабылуы тиіс.
Жануарлар мен құстарға жүкті тегін тасымалдау нормасы қолданылмайды. Жануарлар мен құстарды тасымалдау нормативтен тыс багажға арналған тариф бойынша жануардың (құстың) нақты салмағына қарай контейнермен (тормен) бірге төленеді. Тұяқты жануарлар тасымалдауға жіберілмейді.
Көру (есту) жоқ жолаушыларға ілесіп жүретін жетек-иттер әуе кемесінің салонында тиісті үйретілген кезде жүкті тегін алып жүрудің белгіленген нормадан тыс тегін тасымалданады, бұл сертификатпен куәландырылады, мұндай итте қарғыбақ пен тұмылдырық бар және ол иесінің аяғындағы креслоға байланған жағдайда.