Топтағы жолаушылардың ең аз саны 10 адамды құрайды.
Брондау мүмкіндігін қарастыру және топтық тасымалдау құнын есептеу мақсатында Тапсырыс беруші авиакомпанияның өтінімін ресми веб-сайт арқылы фирмалық бланкіде жазбаша қалдыруға міндетті. www.hisky.kz немесе электрондық мекенжайға жіберу support@acss.kz
Бір мақсатпен бір бағыт бойынша келе жатқан 10 және одан да көп адамнан тұратын жолаушылар тобын алдын ала брондау авиакомпания өтінімді растағаннан кейін жүргізіледі.
Авиакомпаниямен келісілмеген жолаушылар тобын брондау ескертусіз жойылуы мүмкін. Өтінімдегі кез келген өзгеріс туралы сұрау салу тапсырыс берушіден тікелей жазбаша түрде ғана түсуі тиіс.
Топтық тасымалдауды ресімдеу үшін Авиакомпания төлем бойынша белгілі бір мерзімдер мен шарттарды белгілейді. Төлемді топтық тасымалдауды белгіленген мерзімде ұйымдастыратын ұйым жүргізуі тиіс.
Авиакомпания жол жүрудің жалпы мақсаты бар, құжатпен расталған және бір маршрут бойынша бір әуе кемесінде бір межелі пунктке бірге келе жатқан жолаушылардың өтініші бойынша осы жолаушыларға багажды тегін алып жүрудің топтық нормасын (әрбір жолаушыға багажды тегін алып жүру нормаларының сомасы) қолдануға міндетті.